Халықаралық күрес ұйымы Иранға алғыс айтты
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40068-Халықаралық_күрес_ұйымы_Иранға_алғыс_айтты
Халықаралық күрес ұйымының өкілі Иранның күрес федерациясына алғыс білдіріп, Теһранда Дүниежүзілік балалар күніне орай өткен халықаралық күрес чемпионатының өзі көрген ең жақсы сайыстардың бірі болғанын айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 24, 2018 17:56 Asia/Almaty
  • Халықаралық күрес ұйымы Иранға алғыс айтты

Халықаралық күрес ұйымының өкілі Иранның күрес федерациясына алғыс білдіріп, Теһранда Дүниежүзілік балалар күніне орай өткен халықаралық күрес чемпионатының өзі көрген ең жақсы сайыстардың бірі болғанын айтты.

Халықаралық күрес ұйымының өкілі Чарльз Виллет Иранда Дүниежүзілік балалар күніне орай жасөспірімдер арасында өткен еркін және грек-рим күресінен халықаралық чемпионатта жасөспірімдер кубогын ұйымдастырылуы мен тәртібі бойынша өте жоғары деңгейде деп бағалап:

"Осы жарыстағы мықты тұстардың бірі жарыстың ұйымдастырушыларына қатысты. Олардың әрқайсысы өз міндетін жақсы білді. Осы жарыста күрестен ирандық үш әйел төреші де міндеттерін жақсы атқарды. Ирандық төрешілер толығымен бейтарап төрелік етті",-деді.

Дүниежүзілік балалар күніне орай ұйымдастырылған еркін және грек-рим күресінен "Жасөспірімдер кубогы" халықаралық чемпионаты 21-22 қарашада Теһранда өтті.