Британияның Иранға қайтаратын қарыздарының Назанин Зағеридің ісіне қатысы жоқ
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40078-Британияның_Иранға_қайтаратын_қарыздарының_Назанин_Зағеридің_ісіне_қатысы_жоқ
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ғасеми Британияның Иранға қайтаратын қарыздарының Назанин Зағеридің ісіне қатысы жоқтығын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 25, 2018 15:14 Asia/Almaty
  • Британияның Иранға қайтаратын қарыздарының Назанин Зағеридің ісіне қатысы жоқ

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ғасеми Британияның Иранға қайтаратын қарыздарының Назанин Зағеридің ісіне қатысы жоқтығын мәлімдеді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Бахрам Ғасеми Британияның кейбір газеттері мен әлеуметтік желілеріндегі Сыртқы істер министрі Джереми Ханттың Лондонның Иранға бірнеше жүз миллион фунт қарызын қайтарғаны үшін бір қауіпсіздік саласындағы айыпталушыны азат етуді сұрағысы келетіні туралы жарияланған хабарды  теріске шығарып: «Кейбір ақпарат құралдарының бұл екі тақырыпты салыстырып, байланыстыруы хабарсыздықтан немесе кейбір арнайы саяси орталықтардың ИИР-на қысым көрсету үшін алдын-ала ойластырылған мақсаттары бойынша жасалды»,- деді.

Назанин Зағери шетелдік компаниялар мен ұйымдарға мүше болып, Иранның Ислам республикасы жүйесін «жұмсақ күшпен» құлатуға байланысты ақпараттық және киберлік жобаларға қатысқан болатын.