Зариф Батыс елдерінің Алеппо қаласына жасалған химиялық шабуылға қатысты үнсіздігін сынады
(last modified Mon, 26 Nov 2018 10:46:33 GMT )
Қар 26, 2018 16:46 Asia/Almaty
  • Зариф Батыс елдерінің Алеппо қаласына жасалған химиялық шабуылға қатысты үнсіздігін сынады

ИИР СІМ Батыс елдерінің лаңкестердің Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласына жасаған химиялық шабуылына қатысты үнсіздігін сынап, Батыс елдерінің үлгісін өз одақтастарының химиялық қару қолдануын айыптамау деп атады.

Al Alam арнасының хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында: "Алеппоға жасалған химиялық шабуылды айыптайтын Батыс елдері қайда? Батыс елдері химиялық шабуылды өз одақтасы қолданған кезде емес, тек өз дұшпаны пайдаланды деген уәж айтылғанда ғана айыптайды.

Ирактың бұрынғы диктаторы Саддам Иранға қарсы химиялық қару қолданғанда Батыс елдері бұл мәселеге көзжұмбайлық танытты. Бірақ, Саддам Батыстың дұшпанына айналғанда оның көзін жою үшін соғыс бастады",- деп жазды.

Лаңкестердің Алеппоға жасаған химиялық шабуылы салдарынан сириялық жүз мың адам ауруханаға жеткізілді.

 

 

Тегтер