Караджда обырға қарсы дәрі шығаратын Таяу Шығыстағы ең үлкен зауыт ашылды
(last modified Mon, 26 Nov 2018 16:15:14 GMT )
Қар 26, 2018 22:15 Asia/Almaty
  • Караджда обырға қарсы дәрі шығаратын Таяу Шығыстағы ең үлкен зауыт ашылды

АҚШ-тың Иранға қарсы әділетсіз санкцияларына қарамастан, бүгін, дүйсенбі күні Теһранның батысындағы Караджда обырға қарсы дәрі шығаратын Таяу Шығыста ең үлкен зауыт іске қосылды.

Таяу Шығыста обырға қарсы дәрі шығаратын ең үлкен зауыт Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі сейіт Хасан Қазизаде Һашемидің қатысуымен Караджда іске қосылды.

АҚШ-тың Иранға қарсы санкция салғанын ескеріп, обыр, MS және тағы басқа ауруларға шалдыққандарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде қиындық туу ықтималын назарға алып, бір ирандық фармацевтикалық компания обыр мен MS ауруларын емдеуге қажет дәрі-дәрмектерді жоғары сапамен өндіруге қол жеткізді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп 2018 жылдың 8 мамырында елінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан біржақты негізде шығатынын мәлімдеп, Иранға қарсы ядролық санкцияларды екі кезеңде қайта қайтарды.

Санкциялар тікелей Иран халқын нысанаға алып отыр. Америкалықтардың бұл салада өз кінәсін өзгеге жабуы қоғамдық пікірді алдарқату үшін жасалған талпыныс болып табылады.

Халықаралық әділет соты 3 қазанда Иранның АҚШ-тың үстінен түсірген шағымын қарастыруды қажет санап, АҚШ-тың дәрі-дәрмек, азық-түлік, гуманитарлық тауарлар мен авиация саласында Иранға салған санкцияларының күшін жоюға үкім шығарды.