Иранда болат өндірісі 19 пайызға артты
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40096-Иранда_болат_өндірісі_19_пайызға_артты
Дүниежүзілік болат ассоциациясы есебінде Иранның болат өндірісі көлемінің өткен 10 айда 19 пайызға артқанын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 27, 2018 06:16 Asia/Almaty
  • Иранда болат өндірісі 19 пайызға артты

Дүниежүзілік болат ассоциациясы есебінде Иранның болат өндірісі көлемінің өткен 10 айда 19 пайызға артқанын мәлімдеді.

Дүниежүзілік болат ассоциациясының есебіне сәйкес, Иран 2018 жылдың қаңтар айының басынан қазан айының аяғына дейін 20 млн 590 мың тонна шикі болат өндірген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осындай мерзімінде 17 млн 304 мың тонна болды.

Иранның шикі болат өндірісінің көлемі қазан айында 2 млн 70 мың тоннадан асты. Бұл 1 млн 872 мың тоннаны құраған өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық.

Дүниежүзілік болат ассоциациясының есебі бойынша, Қытай, Үндістан, Жапония, АҚШ пен Оңтүстік Корея әлемде шикі болат өндіретін басты бес ел.