Машһадта Metropolis қауымдастығының семинары басталды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40113-Машһадта_metropolis_қауымдастығының_семинары_басталды
Бүгін Иранның солтүстік-шығысындағы Машһад қаласында Metropolis деп аталатын әлемдегі ірі қалалардың халықаралық қауымдастығының 12-ші семинары басталды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 27, 2018 17:24 Asia/Almaty
  • Машһадта Metropolis қауымдастығының семинары басталды

Бүгін Иранның солтүстік-шығысындағы Машһад қаласында Metropolis деп аталатын әлемдегі ірі қалалардың халықаралық қауымдастығының 12-ші семинары басталды.

Әлемдік ірі қалалардың халықаралық қауымдастығының он екінші семинарына Иран, Түркия, Ливан, Ирак, Германия, Пәкістан, Ауғанстан, Тәжікстан, Палестина мен Оңтүстік Африка елдерінің әкімшіліктеріндегі жоғары лауазымды басшылар мен өкілдерінен құралған4 0 адам қатысып отыр.

Бүгін Машһадта жұмысын бастаған Metropolis деп аталатын әлемдегі ірі қалалардың халықаралық қауымдастығының 12-ші семинары жұма күні аяқталады.

137 мүшеден құралған Metropolis деген әлемдегі ірі қалалардың халықаралық қауымдастығы Париж қаласы әкімшілігінің бастамасымен ірі қалалардағы қиындықтар үшін шешім жолдарын ұсыну мақсатында 1984 жылы құрылған болатын.