Қар 27, 2018 21:11 Asia/Almaty
  • Иран ислам әлемінің бірлігін нығайтуда сындарлы рөл атқарып жатыр

Түркияның Хатай облысындағы Аһле бейтпен (ғ.с) ынтымақтастық жөніндегі мәдени қордың басшысы Әли Ярал Түркияның Хатай облысындағы Аһле бейтпен (ғ.с) ынтымақтастық жөніндегі мәдени қордың басшысы мұсылман үмбетінің бірлігін сақтау және таза исламдық армандар мен құндылықтарды жүзеге асырудағы ИИР-ның рөлін сындарлы әрі аса маңызды деп атады.

Әли Ярал Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының Түрік радиосына берген сұхбатында мұсылмандар арасындағы бірлікті сақтау мен Құран Кәрімде қуатталған жікшілдіктен аулақ болу қажеттігін қуаттап, Иранның әлем мұсылмандары арасындағы бірлікті нығайту саласындағы белсенділіктері мен талпыныстарын өте сындарлы деп бағалап, Теһрандағы "Ислам бірлігі" халықаралық конференциясы секілді отырыстарды ұйымдастыруды әртүрлі ағымдарды ұстанатын мұсылмандар үшін бірге жамағат намазын оқып, діни және сенімдік ортақтастықтарға көңіл аударып, өзара ынтымақтастық пен бірлікті нығайтуға мүмкіндік беретінін айтты.

Әли Ярал кейбір аймақ билеушілерінің жәһілдігі мен олардың ислам әлемінде қайшылық тудыруды мақсат еткен АҚШ пен Израильдің жоспарларына қолдау көрсетуін мұсылмандар арасында бірлік орнату жолындағы шынайы кедергілер деп атады.

 

 

Тегтер