Иранның кооперативтері – әлемдегі өте белсенді кооперативтер
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40115-Иранның_кооперативтері_әлемдегі_өте_белсенді_кооперативтер
Халықаралық кооперативтік альянстың (ICA) Азия мен Океания аймағы одағының бас директоры Балу Айер Иран кооперативтерін әлемдегі ең белсенді кооперативтер деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 27, 2018 18:03 Asia/Almaty
  • Иранның кооперативтері – әлемдегі өте белсенді  кооперативтер

Халықаралық кооперативтік альянстың (ICA) Азия мен Океания аймағы одағының бас директоры Балу Айер Иран кооперативтерін әлемдегі ең белсенді кооперативтер деп атады.

Балу Айер Теһранда Халықаралық кооперативтік альянстың (ICA) Азия мен Океания аймағы бойынша одағының 13-ші отырысында Иранның кооперативтер секторындағы әлеуеттеріне тоқталып: "Иранның кооперативтері – әлемдегі ең белсенді кооперативтер. Бұлар кооператив саласындағы маңызды ірі сегіз мемлекетпен тығыз байланыс орнатқан",- деді.

Иранның Кооперативтер палатасы соңғы жылдардағы халықаралық белсенділіктерге байланысты алғаш рет Халықаралық кооперативтік альянстың (ICA) Азия мен Океания аймағы бойынша одағының отырысын ұйымдастыру құрметіне ие болды.

Халықаралық кооперативтік альянстың (ICA) Азия мен Океания аймағы бойынша одағының 13-ші отырысы қарашаның 26-30 күндері Теһранда өтіп жатыр.