Ғасеми ешбір қарар Иранға зымырандарын сынауға тыйым салған жоқ
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі ешбір қарардың Иранның зымырандық бағдарламасына немесе зымырандық сынақтарына тыйым салмағанын айтты.
ИИР СІМ-нің ақпараттық дипломатия департаментінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми жексенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Иранның зымырандық сынақтарының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы деген уәждеріне реакциясында: «Иранның зымырандық бағдарламасы қорғаныстық сипатқа ие әрі елдің қажеттіліктері негізінде жобаланған»,-деді.
Ғасеми АҚШ Мемлекеттік хатшысына: «Сіздер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан біржақты әрі заңсыз негізде шығу арқылы оны бұзып қана қоймай, басқаларды да шығуға ынталандырып, егер орындаса, жазалап, санкция салумен қорқытатын қарарға сілтеме жасайтындықтарыңыз күлкілі»,-деді.