Адмирал Ханзади: Иран мұхитта белсенділік жасайтын Теңіз күштеріне ие
Иран Армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы Ислам революциясы жеңісінің 40 жылдығына тоқталып, Иранның мұхитта белсенділік жасайтын Теңіз күштеріне ие екенін қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, адмирал Хосейн Ханзади Иранның «Джамаран» және «Дамаванд» эсминецтері мен зымыран ататын кемелер мен «Ғадир» сүңгуірлерін және әртүрлі қорғаныс жабдықтарын жасап шығарып, мұхиттық теңіз күштеріне айналғанын мәлімдеді.
Адмирал Ханзади сондай-ақ, АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларына тоқталып, Иранның осы кезге дейін санкцияларға бағынбағаны, бұл жолы да дұшпандардың сәтсіздікке ұшырайтынын баса айтты.
Адмирал Ханзади дүйсенбі күні Иран Армиясы Теңіз күштерінің жетістіктеріне арналған конференцияда Иран Қарулы күштері Бас қолбасшысының Теңіз күштерін мұхитта белсенділік жасауға дайындауды бұйырғанын туралы мәлімдеді.