Иран Үнді мұхитында әскери жаттығу өткізеді
(last modified Sun, 09 Dec 2018 08:54:57 GMT )
Жел 09, 2018 14:54 Asia/Almaty
  • Иран Үнді мұхитында әскери жаттығу өткізеді

Иран армиясы Теңіз күштері қолбасшысының үйлестіру істері жөніндегі орынбасары Теңіз күштерінің биыл қыста Иранның оңтүстік-шығысындағы Макран жағалауына жақын Үнді мұхитының 10 градус аумағын қамтитын аймақта әскери жаттығу өткізетінін хабарлады.

Адмирал Хамзе Әли Кавиани сенбі күні IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында әскери жаттығуда Иран армиясы Теңіз күштерінің жаңа жабдықтары, соның ішінде «Ғадир» санатындағы сүңгуір қайықтар мен «Саһанд» эсминеці қолданылатынын мәлімдеді.

«Ғадир» санатындағы 2 сүңгуір қайық 2018 жылдың 29 қарашасында Иран армиясы Теңіз күштерінің флотына қосылған болатын. Бұл сүңгуірлер жоғары технологиялар және жаңа қару-жарақтармен жабдықталған.  Олар судың астынан жер бетіне зымыран, торпеда және мина ату және әскерилерді жағалауға жақын жерге дейін тасымалдау мүмкіндігіне ие.

Таяу Шығыстағы ең дамыған «Саһанд» эсминеці 2018 жылдың 1 желтоқсанында Иран армиясы Теңіз күштерінің флотына қосылды.   

 

Тегтер