Иранның сауда балансы жақсарды
Жел 10, 2018 18:09 Asia/Almaty
Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы Иранның сауда балансының өткен 8 айда құны 31 млрд 500 млн доллар тауар экспорты арқылы 2 млрд долларға жақсарғанын хабарлады.
Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы Мұхаммадреза Моудуди дүйсенбі күні Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында елдің өткен 8 айдағы экспортының өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 13 пайызға артқанын мәлімдеді.
Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы Ирактың Иран үшін бірінші экспорттық нарыққа айналғанын, Иранның Иракқа экспортының өткен 8 айда 2017 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 55 пайызға артып, 5 млрд 700 млн долларға жеткенін айтты.
Тегтер