Рухани: Иранның ғылыми күші – ұлттық мақтаныш
Жел 12, 2018 12:33 Asia/Almaty
ИИР Президенті Иранның ғылыми күшін ұлттық мақтаныш деп атап: "Ғылыми тұрғыдан айтарлықтай дамыдық. Енді негізі шетелдік ғылымдар саласында да ғылыми концепциялардың ұсынылуын күтеміз",- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани сейсенбі күні кешке Мәдени революция жоғары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде: "Имам Хомейни мәдениетті, халықтың болмысы мен құзырын жеңіс пен ислам қозғалысы мәңгіліктігінің факторы санады. Дүниежүзі діни адам басқарған халық әлемнің алпауыт мемлекеттерінің қолдауына ие режимді жеңеді деп ойламады. Бұл қазір де бірлік пен елдің мәселелерін шешіп, дамуға себеп бола алатын мәдени күш саналады",- деді.
Тегтер