Иран мен Оңтүстік Африка екіжақты қарым-қатынастарын дамытады
ИИР Президентінің ғылым және технология істері жөніндегі орынбасары мен Оңтүстік Африка елінің Ғылым және технология министрі екіжақты қарым-қатынастарды дамытуды қуаттады.
Оңтүстік Африкаға сапар шеккен Иран Президентінің ғылым және технология істері жөніндегі орынбасары Сорна Саттари сол елдің Ғылым және технология министрі Наледи Пандормен кездесуінде Иранның нано, биотехнологиялар, емге қолданылатын жасушалар және ақпараттық технология салаларындағы жетістіктеріне тоқталып, екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қажет инфрақұрылымдарды құру қажеттігін қуаттады.
Оңтүстік Африка елінің Ғылым және технология министрі Наледи Пандор да екі елдің ғылыми салалардағы қарым-қатынастары артатынын айтты.