Теһранда IRAN EXPO 2018 халықаралық көрмесі ашылды
Теһранда экспорт секторы белсенділерінің қатысуымен Иранның экспорттық әлеуеттеріне арналған IRAN EXPO 2018 атты үшінші халықаралық көрме өз жұмысын бастады.
Иранның экспорттық әлеуеттеріне арналған III халықаралық көрме экспорт көрсеткішін арттыру, тауар экспортындағы қиындықтар мен мүмкіндіктер және технологиялық қызметтерді талдау мақсатында осы сектордың жауапты тұлғалары, белсенділері мен сарапшыларының қатысуымен ұйымдастырылды.
Сауда-саттық, қызмет көрсетуді жеңілдету, ирандық технологиялар мен өнімдерді сату мақсатында ішкі және сыртқы маркетингке арналған 300 B2B кездесуін өткізу Иранның экспорттық әлеуеттеріне арналған халықаралық көрме аясындағы басқа бағдарламалардың қатарын құрайды. Көрмеге 270 ирандық және әлемнің жер-жерінен келген 600-ден астам кәсіпкер қатысып жатыр.