Иранда ертегі айту бойынша халықаралық фестиваль басталды
Жел 17, 2018 13:38 Asia/Almaty
Теһранда ертегі айту бойынша халықаралық 21-ші фестиваль басталды.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранда өтіп жатқан ертегі айту бойынша халықаралық 21-ші фестивальде Иранның түрлі қалалары мен жеті шет мемлекеттен, атап айтқанда Франция, Ливан, Ауғанстан, Испания мен Түркиядан келген 52 ертегіші сайысқа түседі.
Ата-аналар арасында ертегі айту бойынша семинар өткізу, қуыршақтар керуенін құру және арнайы семинарлар мен отырыстар ұйымдастыру ертегі айту бойынша халықаралық фестиваль бағдарламаларының қатарын құрайды.
Ирандағы 21-ші Халықаралық ертегі айту фестивалі осы дүйсенбіден бастап, желтоқсанның жиырмасына дейін жалғасады.
Тегтер