Иран халықтың денсаулық жағдайы тұрғысынан 42-ші сатыға көтерілді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40428-Иран_халықтың_денсаулық_жағдайы_тұрғысынан_42_ші_сатыға_көтерілді
14-ші балалар медицинасы форумының басшысы: "Иранның денсаулық сақтау саласындағы әлемдік орны 42 сатыға көтерілді",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 17, 2018 19:23 Asia/Almaty
  • Иран халықтың денсаулық жағдайы тұрғысынан 42-ші сатыға көтерілді

14-ші балалар медицинасы форумының басшысы: "Иранның денсаулық сақтау саласындағы әлемдік орны 42 сатыға көтерілді",-деді.

14-ші балалар медицинасы форумының басшысы Әли Акбар Сайяри Иранның денсаулық сақтау саласындағы әлемдік орнының 42 сатыға көтерілгенін мәлімдеп: "Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 1990-2017 жылдар аралығында 130 елдің арасында денсаулық сақтау жағдайын зерттеу нәтижесінде Иран әлем бойынша 100-ші орыннан 58-шы сатыға жетті.

Сәбилердің шетінеуінің азаюы, 95 пайыздық вакцинациялаудың арқасында жұқпалы ауруларды бақылау, тамақтануды жақсарту, қан аздықты азайту және өмірге деген үмітті арттыру Иранның өткен 27 жылдың ішінде қол жеткізген жетістіктерінің қатарына жатады. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы растады",-деді.