Иран мен Әзірбайжан кеден саласындағы ынтымақтастық жолдарын қарастырды
ИИР мен Әзірбайжан Республикасының кедендік қызмет өкілдері Билесавор шекара аймағында екіжақты ынтымақтастық жасау жолдарын талқылады.
Әзірбайжанның Кеден қызметі Әзірбайжандағы Билесавор шекара аймағындағы кеден қызметінің жауапты басшысы Джейхун Ибрагимов пен ИИР Билесавор шекара аймағы кеден қызметінің басшысы Рамин Захири және олардың қастарындағы делегациялардың бірлескен отырыс барысында кедендік ынтымақтастықтарды кеңейту жолдарын қарастырғанын мәлімдеді.
Отырыста кедендік істерді жеңілдету, экономикалық қатынастар мен екі ел арасындағы сауда айналымын арттырумен қатар халықаралық сауда-саттықты жылдамдату мәселелері талқыланды.
ИИР мен Әзірбайжанның кедендік қызмет басшылары сондай-ақ, адамдар мен көліктердің шекара бекеттерінен қауіпсіз әрі кедергісіз қозғалысы және ақпарат алмасуды арттыру жайлы сұхбаттасты.
760 шақырымнан астам ортақ шекарасы бар ИИР мен Әзірбайжан Республикасының арасында төрт ресми шекара аймағы бар. Бұл бекеттер екі ел қарым-қатынастарын арттыруда маңызды рөл атқарады.