Шамхани: Білім мен ішкі қуатқа иек арту –дұшпанның санкцияларын жеңудің құралы
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Иранға қарсы қатыгез санкциялардың мақсатын Иран халқының бірлігі мен ынтымағын бұзу деп атап, қарсыласу мен білім және ішкі қуатқа иек артуды дұшпанның санкциялары мен экономикалық соғысын жеңудің құралдары деп бағалады.
Әли Шамхани бейсенбі күні Иранның оңтүстік-батысындағы Абадан қаласында өткен рәсімде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ирактың бұрынғы диктаторы Саддамның көздегенінің бір екенін айтып: "Басты мақсат – Иран халқының төзімділігін жою. Бірақ бірлік, ынтымақ, жанпидалық, табандылық және ислам революциясы жетекшісінің сөздерін жерге тастамаудың арқасында дұшпан ешқашан өз мақсаттарына жете алмайды",- деді.
Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы сондай-ақ, АҚШ-ты экономикалық лаңкес, озбыр сионистік режимді үкіметтік лаңкес, Сауд Арабиясын лаңкестіктің қамқоршысы деп атап: "Дұшпан психологиялық соғыс тудыру және мүмкіндіктерді бір жерге шоғырландыру арқылы ИИР жүйесіне қарсы наразылық толқынын қалыптастыруға күш салып жатыр",- деді.