Әзірбайжанның Астарасынан Иранның Астарасына дейін темір жол тартылады
Иранның Жол және қала құрылысы министрі Теһран мен Бакудің Әзірбайжанның Астарасынан Иранның Астарасына дейін темір жол салуға келіскенін хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Жол және қала құрылысы министрі Мұхаммад Ислами сейсенбі күні Иранның солтүстігіндегі Рашт қаласында өткен Иран мен Әзірбайжанның тасымалдау саласындағы ынтымақтастықтарға қатысты ортақ отырысында Теһран мен Бакудің Әзірбайжанның Астарасынан Иранның Астарасына дейін темір жол салуға келіскенін мәлімдеді.
Ислами Иран мен Әзірбайжанның экономикалық айналымының шамамен 10 есе артқанына тоқталып, Астара-Астара халықаралық жобасының іске қосылуы солтүстік-оңтүстік дәлізінің мүмкіндіктерін арттыратынын қуаттады.