Иран мен Ресей лаңкестікке қарсы күрес пен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтарын жалғастырады
ИИР Сақышылар корпусы қолбасшысының үйлестіру істерімен айналысатын орынбасары мен Ресей Қарулы күштерінің Бас штабы қолбасшысының орынбасары екі елдің қорғаныстың әртүрлі салалары мен лаңкестікке қарсы ынтымақтастықтарын жалғастыруды қуаттады.
ИИР Сақшылар корпусы қолбасшысының үйлестіру істерімен айналысатын орынбасары Әли Фадави мен Ресей Қарулы күштерінің Бас штабы қолбасшысының орынбасары Игорь Осиповтың Теһрандағы сәрсенбі күнгі кездесуінде екі жақты қауіпсіздік, өнеркәсіп, зерттеу және оқу салаларындағы ынтымақтастықтарды арттыру туралы пікір алмасты. Олар Сириядағы тәкфиршіл лаңкестердің сәтсіздікке ұшырауын екі елдің қарулы күштерінің қарсыласу майданына көмектесуінің нәтижесі, сондай-ақ Сирия үкіметінің сұранысына берілген жауап деп атады.
Фадави мен Осипов қоқан-лоққылармен қарсыласу үшін мүмкіндіктерді нығайтуды, сонымен бірге аймақтағы бейбітшілік, қауіпсіздік, достық және тыныштық орнатып, трансаймақтық алпауыт елдердің сұм саясаттарымен қырағылықпен қарсыласуды қуаттады.
Теһранға сапармен келген Осипов Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы Мұхаммад Бақери, Армия Теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Хосейн Ханзади және Иранның Қорғаныс министрінің орынбасары Қасем Тақизадемен кездесіп, пікір алмасты.