Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың аймақтан шығуы қажеттігін қуаттады
(last modified Mon, 31 Dec 2018 07:43:37 GMT )
Жел 31, 2018 13:43 Asia/Almaty
  • Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың аймақтан шығуы қажеттігін қуаттады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ президентінің жуырда Иракқа жасаған сапарын Ирактың егемендігін толығымен бұзу және сол елдің халқын қорлау деп атады.

Бахрам Ғасеми жексенбі күні АҚШ әскерилерінің Таяу Шығыс аймағының кейбір елдерінде орналасуына сілтеме жасап: "АҚШ әскерилерін еліне қайтарып, әсірешілдік пен бейкүнә адамдарды өлтіруге соқтыратын орынсыз шығындардың орнына қандай әрекеттің аймақ пен әлемнің, тіпті АҚШ халқы үшін тиімді болатыны туралы шешім қабылдауы тиіс",- деді.

Ғасеми АҚШ-тың әскерилерін Сириядан шығару туралы шешіміне тоқталып: "Бұл мәселе әлі белгісіз. Бірақ, Таяу Шығыстағы бар қиындықтарға, құлдырау мен шарықтауларға байланысты аймақта АҚШ үшін орын жоқ",-деп баса айтты.

 

 

Тегтер