Иран басқалар оған шарт қоятындай мемлекет емес
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40631-Иран_басқалар_оған_шарт_қоятындай_мемлекет_емес
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Еуропаның SPV қаржы арнасын іске қосу үшін шарт қойғаны туралы хабарларды теріске шығарып: "Иран басқалар оған шарт қоятындай мемлекет емес",- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 31, 2018 11:50 Asia/Almaty
  • Иран басқалар оған шарт қоятындай мемлекет емес

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Еуропаның SPV қаржы арнасын іске қосу үшін шарт қойғаны туралы хабарларды теріске шығарып: "Иран басқалар оған шарт қоятындай мемлекет емес",- деді.

Ғасеми жексенбі күні Еуропа одағының арнайы қаржы арнасын іске қосудағы кідірісіне қатысты мәлімдемесінде: "Иран бір арна мен механизмді ғана қарастырып қана қоймай, басқа істерді де жүзеге асырып, салыстырмалы түрде жақсы жағдай қалыптастырды",- деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы, сондай-ақ Еуропаның келісілген мерзім ішінде ұсыныстары пакетін немесе арнайы қаржы арнасын ресми түрде мәлімдей алмағанына қарамастан, одан әрі осы бағытты жалғастырып, өз міндеттемелерін жүзеге асыратынына үміт білдірді.

Иран мен Еуропа одағы арасындағы қаржы механизмін іске қосу туралы мәселе АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін әлемнің көптеген елдері, әсіресе Германия, Ұлыбритания мен Франция Иранның "Ортақ қадам" келісімінде қалуына табандылық білдіріп, ынта танытуымен көтерілген болатын.

Қаржы мехнизмнің іске қосылуы АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының екінші кезеңі жүзеге асырылмас бұрын, яғни қараша айына дейін күтілген болатын. Бірақ, бұл іс Еуропа одағы тарапынан жүзеге асырылмады.

Қазір "Еуропа қаржы арнасын құруда неліктен дәрменсіздік танытып отыр? Бұл кідірістің АҚШ-тың санкцияларына қатысы бар ма?" деген сауалдар туындап отыр. Special Purpose Vehicle (SPV) – Еуропа одағының АҚШ-тың санкцияларына қарамастан Иранмен ынтымақтастығын жалғастыру мақсатында құрылған жүйе. Бұл механизмнің мақсаты – SWIFT жүйесінің орнына долларды ақша айналымынан алып тастау арқылы қаржы арнасын құру. Сонда еуропалық компаниялар халықаралық ортақ қаржы арналарын пайдаланбастан, әрі Иранмен қатынасын жалғастырып, АҚШ-тың ауыр санкциялары мен жазалаларына ілінбейтін болады. Алайда қазіргі таңға дейін бірде-бір мемлекет SPV жүйесін жүзеге асырудың жауапкершілігін өз мойнына алған жоқ. Еуропаның АҚШ-қа экономикалық тұрғыдан тәуелділігіне қарамастан, саяси сарапшылардың пайымдауынша, Еуропа да АҚШ-тың зымырандық және аймақтық мәселелер жайлы көпжақты келіссөзді тездетіп өткізуді көздеп отыр. Франция президенті біраз уақыт бұрын сөйлеген сөзінде дәл осы ұстанымды ашық айтты.

Еуропаның осындай әрекеті қаржы механизміне жақын болашақта қол жеткізілмейтіні туралы ойдың туындауына себеп болды. Тіпті, кейбір сарапшылардың пікірінше, еуропалықтар уақытты босқа кетіріп, Иранның "Ортақ қадамдағы" міндеттемелерін жүзеге асыруды сақтап қалмақ. ИИР СІМ Зариф ИИР-ның "Ортақ қадамдағы" мүдделері қамтамасыз етілмесе, бұл жағдайдың жалғасуы екіталай екенін айтқан болатын.

Сондықтан, егер Еуропаның қиындығы АҚШ-тың қысымдары ғана болса, қысымдардың алдында өзінің еуропалық болмысын қорғай алатынына үміттенген жөн. Себебі, Иран басқалар оған шарт қоятындай мемлекет емес.