Еуропа АҚШ-тың қысымдары алдында ерік-жігерден кенделігін көрсетті
Иран Сыртқы істер министрі Еуропаның іс жүзінде АҚШ-тың қысымдары алдында ерік-жігерден кенделігін көрсеткенін айтты.
Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні отандық және шетелдік тілшілермен өткен баспасөз отырысында АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін бұл келісімді сақтап қалу үшін берілген екі айдың ішінде SPV деп аталатын қаржы механизмін жасауға бағытталған арнайы шаралардың атқарылмағанын айтып: "Механизмнің күрделілігі мен АҚШ-тың Еуропа елдеріне қысымының шектен тыс көптігі сияқты жайттар келіссөздердің созыла түсуіне себеп болды. Маңызды нәрсе – Еуропаның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтауға деген саяси ерік-жігері. Алайда олар іс жүзінде АҚШ-тың қысымына қарсы ештеңе істей алмайтындарын көрсетіп, белгіленген уақыт ішінде өз міндеттемелерін орындай алмады.
Қаржы механизмінің күрделігі, Еуропаның қауқарсыздығы, АҚШ-тың қысымы және доллардың үстемдігі бұл істің орындалуының кешеуілдеуіне соқтырды",-деді.