Иранда әртүрлі діндердің ізбасарлары толық еркіндікке ие
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40659-Иранда_әртүрлі_діндердің_ізбасарлары_толық_еркіндікке_ие
Исфаһан және оңтүстік Иран армяндарының епископы Батыс ақпарат құралдарының үгіт-насихаттарына қайшы Иранда әртүрлі діндердің ізбасарларының толық еркіндікке ие екенін және өз салт-дәстүрлері мен шараларын еркін өткізетінін айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 01, 2019 18:47 Asia/Almaty
  • Иранда әртүрлі діндердің ізбасарлары толық еркіндікке ие

Исфаһан және оңтүстік Иран армяндарының епископы Батыс ақпарат құралдарының үгіт-насихаттарына қайшы Иранда әртүрлі діндердің ізбасарларының толық еркіндікке ие екенін және өз салт-дәстүрлері мен шараларын еркін өткізетінін айтты.

Исфаһан мен оңтүстік Иран армяндарының епископы Сипан Кашаджиян батыс ақпарат құралдарының Иран үкіметінің басқа дін өкілдеріне шектеу қоятыны жайлы уәждеріне сілтеме жасап: "Уәждердің ең маңызды себебі мынада: Иран басшылары алпауыт державалардың бақылауы мен ықпалында болғысы келмейді",-деді.

Сипан Кашаджиян Ирандағы христиан дінін ұстанушы армян диаспорасының елдегі мұсылмандармен қарым-қатынасының әрдайым жақсы болғанын, жақсы қатынастың осылай жалғаса беретінін айтты.

Исфаһан мен оңтүстік Иран армяндарының епископы сондай-ақ, Григориан күнтізбесі бойынша басталған Жаңа жылмен құттықтап, 2019 жылы әлем халықтарының Иран жайлы хабардарлық негізінде ғана пікір айтып, ислам республикасы жайлы алдын ала төрелік жасамайтынына үміт білдірді.

Әлем халықтары Иранға сапар шегіп, елдегі мәдени және табиғи құндылықтарды жақыннан көріп, БАҚ-тың уәждеріне сенбеуі тиіс",- деді.