Иранда монотеистік дін өкілдері тату-тәтті өмір сүреді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40679-Иранда_монотеистік_дін_өкілдері_тату_тәтті_өмір_сүреді
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі ашурилік депутат Иранның әлемде алуандық тұрғысынан маңызды орынға ие екенін, елде барлық монотеистік дін өкілдерінің бір-бірінің жанында тату-тәтті өмір сүріп жатқанын айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 03, 2019 10:37 Asia/Almaty
  • Иранда монотеистік дін өкілдері тату-тәтті өмір сүреді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі ашурилік депутат Иранның әлемде алуандық тұрғысынан маңызды орынға ие екенін, елде барлық монотеистік дін өкілдерінің бір-бірінің жанында тату-тәтті өмір сүріп жатқанын айтты.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі ашурилік депутат Йонатан Бетколия сәрсенбі күні кешке Теһран әкімшілігінің діни басшылары, көрнекті тұлғалары және христиан азаматтарымен өткен отырыста сөз сөйлеп: «Ирандағы әртүрлі дін өкілдері бір-бірінің жанында бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүріп жатыр. Адам құқығы мен демократияны қорғаушымыз деп уәж айтатындар бұдан үлгі алуы керек.

Батыстағы адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатындар көздерін ашып, қай елде түрлі дін өкілдері өмір сүріп жатқанын көрсін»,-деді.

Йонатан Бетколия әлем шиіттерінің бірінші имамы хазірет Әлидің ашуриліктермен келісіміне тоқталып: «Бұл келісім 1400 жыл бұрын ашуриліктердің ата-бабаларымен жасалды. Олар бұл құжатта діни азшылықтардың құқығын, жандары мен мал-мүліктерін сақтауды қуаттаған»,-деді.