Теһранда хазірет Исаның (ғ.с.) туған күніне арналған рәсім өтті
Теһранда хазірет Исаның (ғ.с.) туған күніне арналған рәсім өтті.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі ассириялықтардың өкілі Йонатан Бетколия бейсенбі күні Теһранда хазірет Исаның (ғ.с.) туған күніне байланысты өткен рәсімде Ислам дінінің христиандардың гуманитарлық және діни құқықтаррын ресми қабылдағанын көрсететін келісімшартты оқыды. Теһрандағы армяндардың архиэпископы Сабух Саргсян хазірет Исаның (ғ.с.) туған күніне орай рәсімді ұйымдастырушыларға алғыс айтып: «Иранда христиандар жоғары орынға ие. Бұл Ислам республикасы басшыларының монотеистік діндерді дұрыс түсінетіндігінің белгісі»,- деді.
Шығыс шірекудің ассириялықтарының архиэпископы Марнер Бениамин де хазірет Исаны (ғ.с.) қазіргі соғыс пен қантөгіске куә болып отырған әлемде махаббат, достық және бейбітшілік жолдауын жеткізуші деп атады.