Иран флоты Атлант мұхитына барады
Иран Армиясы теңіз күштері қолбасшысының орынбасары ел флотының Атлант мұхитына баратынын хабарлады.
ИИР Армиясы теңіз күштері қолбасшысының орынбасары адмирал Торадж Хосейни Моғаддам жұма күні ИРНА ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Иран армиясы флотының Атлант мұхитына аттануы елдің бүкіл қарулы күштері бас қолбасшысының алыс сулардағы ұлттық мүддені қорғау, ИИР-ның туын көтеріп, «Ираннан қорқыту» жобасын залалсыздандырып, кеме қатынасы жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бұйрығын орындауымен байланысты»,- деді. Ол Иран флотының міндетін орындау барысында жерді бір айналып шығатынын, тікұшақ тасығыш «Саханд» эсминецніңі Атлант мұхитында ирандық флотпен еріп жүретінін айтты.
Батыс Азияның ең дамыған эсминецтерінің бірі «Саханд» эсминеці 2018-ші жылдың желтоқсан айының бірі күні ИИР армиясы Теңіз күштері флотына қосылған болатын.