Генерал Вахиди: ДАИШ өз күштерін Орта Азияға орналастырып жатыр
(last modified Mon, 07 Jan 2019 09:42:38 GMT )
Қаң 07, 2019 15:42 Asia/Almaty
  • Генерал Вахиди: ДАИШ өз күштерін Орта Азияға орналастырып жатыр

Иранның Ұлттық қорғаныс университетінің ректоры генерал Вахиди ДАИШ лаңкестік тобының Ауғанстанда орналасып, Орта Азияға енуге әрекет етіп жатқанын айтты.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, генерал Ахмад Вахиди дүйсенбі күні Теһранда «Таяу Шығыстағы қорғаныс пен қауіпсіздік»  атты тақырыпта өткен халықаралық форумда: «Азияның батысы – дағдарыстардан зардап шеккен аймақ. Дағдарыстар осы аймаққа басқыншылық пен лаңкестік түрінде таңылды»,-деді.

Сардар Вахиди АҚШ-тың Сириядан шығатынын жариялағанына тоқталып: «АҚШ-тың Сириядан шығу шешімінің қаншалықты орындалатыны белгісіз. Бұны былай қойғанда, қазір АҚШ Сирияда жеңіліске ұшырап, беделінен айрылды»,-деді.

Иранның Ұлттық қорғаныс университетінің ректоры Таяу Шығыстағы жағдайдың жақсарғанын, Сирия мен Ирактағы саяси өзгерістердің, Йемен бейбіт келісімі мен Ауғанстандағы бейбіт келіссөздердің аймақ жағдайының жақсарып келе жатқанын көрсететінін айтты.  

 

Тегтер