Қаң 07, 2019 23:27 Asia/Almaty
  • Иранда термоядерлік аппарат жасалды

Амир Кабир университетінде толығымен жергілікті технология негізінде плазмалық қоспа жасайтын термоядерлік аппарат жобаланып, жасалды.

Амир Кабир университетінің зерттеушілері толығымен жергілікті технология негізінде плазмалық қоспа жасайтын алғашқы термоядерлік аппарат жобалап, жасады. Бұл аппараттың жобалау, үлгі жасау және жабдықтау кезеңдерінің барлығын отандық мамандар мен физика және энергетикалық инженерия факультетінің магистранттары мен докторанттары атқарды.  

Бұл аппарат сатысы тұрғысынан әлемге әйгілі токамак құрылғысына ұқсас болғандықтан термоядерлік энергияны өндіру технологиясына қол жеткізу үшін плазманың параметрлерін өлшеу және инкапсуляция жасауға қатысты технологиялар туралы іргелі зерттеулер жүргізу үшін қолайлы жағдай жасайды.

Бұл аппарат турбинаның бөлшектері мен химиялық энергияны электр энергиясына айналдыратын құрал жасау сияқты өнеркәсіп салаларында қолданылады.

Мамандардың айтуынша, жоба болашақта термоядерлік аппарат арқылы энергиямен қамтамасыз етеді.  

 

Тегтер