Иран – инженер мамандарын дайындайтын әлемдегі бесінші ел
Қаң 07, 2019 20:08 Asia/Almaty
Иранның Инженерлік білім беру ұйымының директорлар кеңесінің басшысы Реза Фараджи Дана Иранды Қытай, Үндістан, Ресей мен АҚШ-тан кейін инженерлер дайындап шығаратын бесінші ел деп атады.
Реза Фараджи Дана сөзінің жалғасында: "Біз инженерлерімізді елді дамыту үшін пайдалануымыз керек. Өйткені, қазір елдің дамуы мен өркендеуі үшін басқа кезден көбірек білікті инженерлердің көмегін қажет етіп отырмыз.
Ирандық инженерлерді пайдалану арқылы аз уақыттың ішінде жақсы жағдайға жете аларымыз анық. Біздің инженерлеріміздің көбі басқа елдерге барып, әртүрлі орталықтарда жұмыс істеп жатыр. Елді дамытудың бір жолы – ғылымның әртүрлі салаларындағы білікті мамандардың әлеуеттерін пайдалану",-деді.
Тегтер