Иран зияткерлік меншікті тіркеуде бірінші орынға ие
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40787-Иран_зияткерлік_меншікті_тіркеуде_бірінші_орынға_ие
Иранның құжаттар мен жылжымайтын мүлікті тіркеу ұйымының басшысы Иранның 2018 жылы әлем кәсіпшілері тарапынан әлемдік зияткерлік меншікті тіркеуде бірінші орынды иеленгенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 09, 2019 18:46 Asia/Almaty
  • Иран зияткерлік меншікті тіркеуде бірінші орынға ие

Иранның құжаттар мен жылжымайтын мүлікті тіркеу ұйымының басшысы Иранның 2018 жылы әлем кәсіпшілері тарапынан әлемдік зияткерлік меншікті тіркеуде бірінші орынды иеленгенін хабарлады.

Иранның құжаттар мен жылжымайтын мүлікті тіркеу ұйымының басшысы Ахмад Туисиркани Равари 2018-ші жылы 2017-ші жылмен салыстырғанда Иранның зияткерлік меншікті тіркеу статистикасының артуының елдің әлем бойынша бірінші орынға ие болуына себеп болғанын баяндап, дамуды ирандық кәсіпшілердің зияткерлік меншікті тіркеуге деген ынталарының белгісі деп атады.

Туисиркани Равари АҚШ-тың Иранға қарсы әділетсіз санкцияларына тоқталып: «Экономикалық соғыста жеңіске жету үшін кәсіпкерлерге шынайы қолдау көрсету қажет» деп қуаттады.

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) зияткерлік меншікті қорғау бойынша шығармашылық жұмыстарды ынталандыру мақсатында 1967  жылы Швецияның Стокгольм қаласында құрылды. Бүгінде ұйымға 189 мемлекет мүше болып кіреді. Оның орталығы Женевада орналасқан.