Қаң 13, 2019 13:47 Asia/Almaty
  • Польшаның елшісі қызметін атқарушы Иран СІМ-не шақыртылды

Ирандағы Польшаның елшісі қызметін атқарушы Вячек Онлет сенбі күні Иран СІМ-не шақыртылып, оған Польшаның АҚШ-қа жақтасып, Варшавада «Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен қауіпсіздік» тақырыбында Иранға қарсы конференция өткізетініне Иран үкіметінің наразылығы жарияланды.

ИИР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, осы министрліктің Шығыс Еуропа департаментінің басшысы Ирандағы Польшаның елшісі қызметін атқарушыға: «Польшаның ұйымдастыруымен Иранға қарсы конференция өткізу – АҚШ-тың Иранға қарсы жауластық әрекеті. Польшадан конференцияны өткізуде АҚШ-қа жақтасудан бас тартуын күтеміз»,-деді.   

Ирандағы Польшаның елшісі қызметін атқарушы аталған конференция туралы түсініктеме беріп, оның Иранға қарсы емес екенін, Польша ұстанымының жуырда америкалық басшылар айтқан пікірден басқа екенін айтты.

Тегтер