Ғасеми Польшада Иранға қарсы отырыстың ұйымдастырылуына реакция білдірді
(last modified Mon, 14 Jan 2019 07:20:36 GMT )
Қаң 14, 2019 13:20 Asia/Almaty
  • Ғасеми Польшада Иранға қарсы отырыстың ұйымдастырылуына реакция білдірді

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Польша астанасы Варшава қаласында ақпанның 13-14 күндері Иранға қарсы отырыстың ұйымдастырылуына қатысты реакциясында Польшаны АҚШ үкіметінің теріс насихаттары мен қысымдарының ықпалына түскен деп атады.

Баһрам Ғасеми жексенбі күні IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында белгілі бір елге қарсы мұндай отырыстың ұйымдастырылуының халықаралық заңдарға қайшы келетінін айтып: "АҚШ-тың қазіргі үкіметіндегі басшылардың бұрын да ирандықтарға қарсы болғаны баршаға мәлім. Бұл отырыстың мақсаттары да осы мәселеге қатысты",- деді.

Ғасеми сондай-ақ, аталмыш отырыстың өткізілуін АҚШ-тың Еуропа одағы мүшелері арасында Иранға қатысты жікшілдік пен алауыздық тудыруға бағытталған талпынысы деп атады.

Баһрам Ғасеми ирандықтардың Екінші Дүниежүізілік соғыс кезінде 120 000-нан астам польшалықты паналатуын екі ел арасындағы өте құнды байланыс деп атады.

 

 

Тегтер