Иранның әуе кеңістігі – Батыс Азиядағы ең қауіпсіз мекен
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40849-Иранның_әуе_кеңістігі_Батыс_Азиядағы_ең_қауіпсіз_мекен
Иранның солтүстік-батысындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс штабының қолбасшысы Халықаралық Азаматтық Аавиация Ұйымының (ICAO) Иранның әуе кеңістігін Батыс Азия аймағындағы ең қауіпсіз әуе кеңістігі деп атағанын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 14, 2019 10:13 Asia/Almaty
  • Иранның әуе кеңістігі – Батыс Азиядағы ең қауіпсіз мекен

Иранның солтүстік-батысындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс штабының қолбасшысы Халықаралық Азаматтық Аавиация Ұйымының (ICAO) Иранның әуе кеңістігін Батыс Азия аймағындағы ең қауіпсіз әуе кеңістігі деп атағанын мәлімдеді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның солтүстік-батысындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс штабының қолбасшысы бригада генералы Аббас Азими Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің Иранның 3700-ден астам жерінде дұшпанның барлық ұшағын, тіпті кішкентай ұшу аппараттарын да бақылап отырғанын айтқан.

Генерал Азими Иранның солтүстік-батысындағы әуе кеңістігінің маңыздығына тоқталып, Иранның әуе кеңістігінен бір тәулікте ұшып өтетін 1000 ұшақтың 700-ден астамының Иранның солтүстік-батыс аймағынан өтетінін мәлімдеді.