Иран Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та Пресс ТВ-дің тележүргізушісін тұтқындауды айыптады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40887-Иран_Сыртқы_істер_министрлігі_АҚШ_та_Пресс_ТВ_дің_тележүргізушісін_тұтқындауды_айыптады
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-та Пресс ТВ-дің тележүргізушісі Марзия Һашемидің тұтқындалуын айыптап, оны жылдам азат етуді талап етті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 16, 2019 16:59 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та Пресс ТВ-дің тележүргізушісін тұтқындауды айыптады

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-та Пресс ТВ-дің тележүргізушісі Марзия Һашемидің тұтқындалуын айыптап, оны жылдам азат етуді талап етті.

 

Баһрам Ғасеми АҚШ үкіметі қызметкерлерінің бұл америкалық мұсылман азаматқа көрсеткен қатынасын адам құқығын бұзу деп атап: «АҚШ үкіметі іс жүзінде сыншыларына шабуыл жасаған кезде ешбір негіздерге табанды емес екенін көрсетті»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрлігі АҚШ үкіметінің Вашингтонда Пресс ТВ-дің тележүргізушісі Марзия Һашемиді (Мелани Франклин) заңсыз түрде тұтқындап, оған адамгершілікке жат қатынас көрсетілгенін айыптады. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «АҚШ үкіметі қызметкерлерінің ешбір айып тақпастан бір азаматты, әрі ислам негіздеріне табанды мұсылман тілшіні тұтқындап, кемсітуі – ақ нәсілді емес азаматтарға апартеидтік қатынас көрсетудің айқын белгісі. Иран Марзия Һашемиді басты адами құқықтарынан айырмай, оны заңсыз тұтқындықтан босатуды талап етеді.

Марзия Һашеми – Пресс ТВ-дің тележүргізушісі. Ол Америкаға жанұясын көру үшін барған болатын. Өкінішке орай, АҚШ-та тұтқындалып, екі күн бойы онымен байланыс орнататын мүмкіндік болмады»,- деп мәлімдеді.