Иран генетика саласында бірінші орында
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40889-Иран_генетика_саласында_бірінші_орында
Лаборатория және клиника проблемалары жөніндегі 11-ші Халықаралық конгрестің ғылыми хатшысы Иранның медицина ғылымындағы жетістіктеріне сілтеме жасап, Иранның генетика саласында бірінші орынды иеленгенін айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 16, 2019 17:58 Asia/Almaty
  • Иран генетика саласында бірінші орында

Лаборатория және клиника проблемалары жөніндегі 11-ші Халықаралық конгрестің ғылыми хатшысы Иранның медицина ғылымындағы жетістіктеріне сілтеме жасап, Иранның генетика саласында бірінші орынды иеленгенін айтты.

Лаборатория және клиника проблемалары жөніндегі 11-ші  халықаралық  конгрестің ғылыми хатшысы Сейед Мұхаммад Акрами сәрсенбі күні конгрестің Теһрандағы ашылу рәсімінде сөз сөйлеп: «Иран генетика ғылымы саласында Түркиядан озып, аймақта бірінші орында тұр. Бүгінде Иранның 17 университетінде медициналық генетика факультетінде магистратура мен доктарантура бөлімдері бар. Ислам республикасы бұл салада өзін толық қамтамасыз етті" деді.

Конгреске 1100-ден астам компания қатысып, 750 мақала ұсынылды.

Лаборатория және клиника проблемалары жөніндегі  11-ші Халықаралық конгресс сәрсенбі күні Теһранда жұмысын бастап, жұмаға дейін жалғасады.