Ғасеми Нетаньяхудан шектен шықпауды сұрады
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы сионистік режим Премьер-министрінің жуырдағы қоқан-лоққыларын асыра сөйлеу деп атап: "Иран қоқан-лоққыны қабылдамайды, шектен шықпаңыз",-деді.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Баһрам Ғасеми Нетаньяхудың «Иран әскери күштерін Сириядан тез арада шығармаса, Израиль Иранның позицияларына шабуылдарын жалғастырады» деген қоқан-лоққыға толы сөзіне реакция білдіріп: "Иранның Сирияда дұшпандар теріс жарнамалап жүргендей әскери күші немесе бөлімшесі жоқ. Иранның кеңесші күштері Сирия үкіметінің ресми өтінішімен осы елде жұмыс істеп жатыр",-деді.
Ғасеми, сондай-ақ, АҚШ пен Франция басшыларының ирандық жерсеріктің ұшырылуы БҰҰ №2231 қарарына қайшы деген жуырдағы сөздеріне қатысты: "Өкінішке орай, кейбіреулер алаңдауға себеп болмаса да, Иранның ғылыми дамуына алаңдайды. Мұндай ұстанымдар тек Ираннан үркіту мақсатында айтылады",-деді.