Иран СІМ Колумбияда болған бомба жарылысын айыптады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40925-Иран_СІМ_Колумбияда_болған_бомба_жарылысын_айыптады
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Колумбияның Полиция академиясы алдында бомба қойылған көлік жарылысын айыптады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 19, 2019 16:59 Asia/Almaty
  • Иран СІМ Колумбияда болған бомба жарылысын айыптады

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Колумбияның Полиция академиясы алдында бомба қойылған көлік жарылысын айыптады.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы осы оқиғаға өкініш білдіріп, жазықсыз адамдарды құрбан ететін осындай адамшылыққа жат әрі жиреніш тудыратын әрекеттерді айыптады.  Баһрам Ғасеми оқиғада қаза болғандардың жанұяларына көңіл айтты.

Бейсенбі күні Колумбияның астанасындағы Полиция академиясының алдында жарылған бомба салдарынан 21 адам қаза тапты.