Арабтардың Израильдің саясатын жақтауы олардың мүддесіне сай емес
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40926-Арабтардың_Израильдің_саясатын_жақтауы_олардың_мүддесіне_сай_емес
Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі иудейлердің өкілі Сиамак Маре Седқ кейбір араб елдерінің Израильдің саясатын жақтауын, соның ішінде Иранмен жауласуды өршіту жолында әрекет етуін олардың мүддесіне сай емес деп атап:
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 19, 2019 17:18 Asia/Almaty
  • Арабтардың Израильдің саясатын жақтауы олардың мүддесіне сай емес

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі иудейлердің өкілі Сиамак Маре Седқ кейбір араб елдерінің Израильдің саясатын жақтауын, соның ішінде Иранмен жауласуды өршіту жолында әрекет етуін олардың мүддесіне сай емес деп атап:

"Израиль мен аймақтағы кейбір араб елдері Ираннан үркіту саясатын жүргізу арқылы өз билігін сақтап, елдеріндегі ішкі қиындықтарын шешуді көздейді.

Араб елдерінің, әсіресе Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің Израильге қатысты саясаты олардың өздеріне зиян тигізеді. Израиль шараларының Сауд Арабиясымен үндестігі жаңа үдеріс емес. Ол сионистердің дипломатиясы негізінде құрылған. Қазір Еуропаның кейбір елдері, әсіресе Грекия мен Бельгия да сионистердің өз елдеріне шектен тыс ықпал етуі мен ішкі істеріне араласуына алаңдап отыр",-деді.