Иран Мексика үкіметі мен халқына көңіл айтты
Қаң 20, 2019 13:59 Asia/Almaty
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы сенбі күні кешке Мексикада жанармай тасымалдайтын құбырдың жарылу оқиғасына қатты өкініш білдіріп, бұл елдің үкіметі мен халқына және осы оқиғада құрбан болғандардың жанұяларына көңіл айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми ИИР-ның осы ауыр жағдайда Мексика үкіметі мен халқының жанынан табылатынын, кез келген көмекке әзір екенін мәлімдеді.
Жергілікті уақыт бойынша жұма күні кешке Мексиканың орталық бөлігіндегі Идальго штатында жанармай тасылмалдайтын құбырдың жарылуы салдарынан кемінде 66 адам қаза тауып, 76 адам жараланды.
Құбыр ұрылар жанармай ұрлау мақсатында оны тескен кезде жарылып кеткен.
Тегтер