Иран – әлемдегі тәуелсіз мемлекет; "аймақтың алтын кілті"
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40944-Иран_әлемдегі_тәуелсіз_мемлекет_аймақтың_алтын_кілті
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Иранды әлемдегі дамушы елдер арасындағы жалғыз тәуелсіз мемлекет және «аймақтың алтын кілті» деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 20, 2019 17:13 Asia/Almaty
  • Иран – әлемдегі тәуелсіз мемлекет;

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Иранды әлемдегі дамушы елдер арасындағы жалғыз тәуелсіз мемлекет және «аймақтың алтын кілті» деп атады.

 

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салехи жексенбі күні "Газа қарсыласудың көрінісі" деген тақырыпта өткен тоғызыншы  конференцияда сөйлеген сөзінде: "Ислам революциясы күш-қуатқа себеп болып, қарсыласуды дұрыс жолға нұсқады",- деп қуаттады.

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы конфеернция аясында АҚШ Президентінің кеңесшісі Джон Болтонның «Иран Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіне тапсырған әр есебінде қате мәлімет береді» деген уәждеріне қатысты сұраққа берген жауабында: "Болтон мырза осы уақытқа дейін шындықты айтпады",- деді.

Салехи Иранның ядролық өнеркәсібі туралы сөзінде ядролық  өнеркәсіптің ерекшелігін бұл технологияға жергілікті инженерлердің арқасында жетіп, ешкімнің көмектеспегенінде деп атады.