Қаң 22, 2019 18:02 Asia/Almaty
  • Лариджани: Ислам революциясы – ғасыр жетістігі

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани ислам революциясын ғасырдың үлкен жетістігі деп атады.

Әли Лариджани сейсенбі күні ислам революциясының 40 жылдық мерейтойын ұйымдастыру штабының мүшелерімен өткізген отырыста Иранның ислам революциясын қорғауды осы штабтың қазіргі кезде қадағалап отырған ең маңызды ісі деп атап: "Ислам революциясы дұшпан оған айла-шарғы қолданып, маңыздылығына байланысты революцияның әсері мен рөлін бәсеңдету үшін қастандық жасауды көздеп отырған кезеңді бастан кешіруде",-деді.

Лариджани дұшпанның ислам революциясына қарсы кейбір сөздердің кең таралғанын баяндап: "Ислам революциясы жемқор үкіметті құлатып, халық билігін орнатты. Бұл кішкентай жетістік емес. Иран халқы диктаторлық үкіметті билік басынан құлатып, елдің барлық бөлігі  халықтың дауыс беруімен тікелей және жанама түрде басқарылып жатыр.

Иран дұшпандары ИИР-ның аймақта оны жою мүмкін емес ұлылыққа ие екенін жақсы біледі",- деп баса айтты.

 

 

Тегтер