Елдің ғылыми дамуының жылдамдығы еш уақытта төмендемейді де тоқтамайды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40988-Елдің_ғылыми_дамуының_жылдамдығы_еш_уақытта_төмендемейді_де_тоқтамайды
Ислам революциясының жетекшісі әртүрлі ғылымдардың дамуы үшін жан-жақты әрі күнделікті талпыныстың қажеттігін қуаттап, елдің ғылыми дамуының жылдамдығын еш уақытта төмендетуге немесе тоқтатуға болмайтынын айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 23, 2019 18:18 Asia/Almaty
  • Елдің ғылыми дамуының жылдамдығы еш уақытта төмендемейді де тоқтамайды

Ислам революциясының жетекшісі әртүрлі ғылымдардың дамуы үшін жан-жақты әрі күнделікті талпыныстың қажеттігін қуаттап, елдің ғылыми дамуының жылдамдығын еш уақытта төмендетуге немесе тоқтатуға болмайтынын айтты.

 

Ислам революциясының жетекшісі сәрсенбі күні ғылым мен технологияны дамыту штабының жауапты басшылары мен зерттеушілер, Ғылым министрі, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ректорлары және ұстаздарымен кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Жаңа білім мен технологиялардан артта қалған кез келген халық  алпауыт елдердің азап-қорлығымен бетпе-бет келеді»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі өткен 20 жылдағы Иранның ғылыми дамуын жақсы бағалап: «Ғылыми дамудың жылдамдығын төмендетуге болмайды. Бұл жылдамдық алдағы 20-30 жылда сақталып, нығая түсуі қажет»,- деп баса айтты. Аятолла Хаменеи, сондай-ақ, қиын жағдайларға қарамастан үлкен ғылыми инфрақұрылымдардың іргетасын қалаған кейбір мемлекеттердегі тарихи үлгілерге тоқталып: «Біздің қазіргі жағдайымыз бұл мемлекеттердегі жағдайлардан ауыр емес, сондықтан ғылыми негіздерімізді нығайта аламыз»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі ғылыми даму үшін батыс елдерінің барлық жетістігін пайдалануға кеңес беріп: «Біз шәкірт болуға алаңдамаймыз, бізді мәңгілік шәкірт болу алаңдатады. Жаңа ғылымдар саласында ең үлкен жетістіктерге жеткен Батыс мемлекеттері тарихта халықтарға қарсы ең көп қылмысты жасады»,- деді.