Зариф Венесуэла СІМ-мен телефонмен сөйлесті
Қаң 26, 2019 13:07 Asia/Almaty
ИИР СІМ Венесуэла СІМ-мен телефонмен сөйлескенде Иранның Венесуэла үкіметі мен халқын қастандықтарға қарсы күресте қолдайтынын мәлімдеді.
Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф пен Венесуэла СІМ Хорхе Арреса жұма күні телефонмен сөйлескенде АҚШ-тың тәуелсіз үкіметтерге, соның ішінде Венесуэлаға қарсы жасап жатқан қастандықтарымен халықаралық деңгейде күресу жолдары жайлы пікір алмасты.
Сұхбат барысында Мексика мен Уругвай үкіметтерінің ұсынысы, өзара сұхбаттасуларды нығайтудың басқа да әдістері және Венесуэла үкіметі мен наразы топтар арасындағы қайшылықтардың саяси шешім жолдары талқыланды.
Тегтер