Иранның Йезд университеті мен Тайваньның Тайчунг университеті ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Ирандағы Йезд университеті мен Тайванның Тайчунг ұлттық педагогикалық университеті арасында халықаралық қатынастар мен ғылыми-мәдени алмасулар саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Йезд университетінің халықаралық ғылыми ынтымақтастықтар кеңсесінің басшысы Мұхаммадәли Хаддад Тайваньның Тайчунг ұлттық педагогикалық университетімен ынтымақтастық туралы меморандумның ортақ зерттеу жобаларын ілгерілету, ортақ ғылыми-университеттік шараларды атқару, білім беру және зерттеу саласында кадрлармен алмасу, бакалавр сатысындағы студенттер, түлектер және ғылыми басылымдармен алмасу мақсатында қабылданғанын айтты.
Йезд университетінің халықаралық ғылыми ынтымақтастықтар кеңсесінің басшысы бұл меморандумның бес жылға бекітілгенін, тараптардың келісімімен оның мерзімін ұзартуға болатынын, Ирандағы Йезд университеті мен Тайваньның Тайчунг университеті арасында ынтымақтастық меморандумының орындалуын қадағалау қос университет өкілдерінен тұратын кеңеске жүктелетінін мәлімдеді.