Иран Филиппиныда болған жарылысты айыптады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i41048-Иран_Филиппиныда_болған_жарылысты_айыптады
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми Филиппинының оңтүстігіндегі шіркеудің қасында болған жарылысты айыптап, елдің үкіметі мен халқына жанашырлық білдірді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 27, 2019 15:18 Asia/Almaty
  • Иран Филиппиныда болған жарылысты айыптады

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми Филиппинының оңтүстігіндегі шіркеудің қасында болған жарылысты айыптап, елдің үкіметі мен халқына жанашырлық білдірді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми жазықсыз адамдар құрбан болатын зорлық-зомбылықтардың қай жерде болса да, айыпталатынын баса айтты.

Филиппинының Холо аралындағы шіркеуге жақын жерде болған екі жарылыс салдарынан кемінде 27 адам қаза болып, 70 адам жараланды. Осы уақытқа дейін ешбір топ жарылыстың жауапкершілігін өз мойнына алған жоқ.