Иранның әскери доктринасы қорғаныс пен тежегіш қуатқа негізделген
«Иран халқының мүдделеріне, елдің қауіпсіздігі мен тыныштығына қауіп төнбеуі үшін Ислам республикасы қол қусырып қарап отырмайды».
Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы генерал-майор Мұхаммад Бағери жексенбі күні Теһранда тілшілерге берген сұхбатта осы мәселені баса айтып: "Исламдық тағылымдар мен Ислам республикасының армандарына сәйкес, біз бірде-бір мемлекетке басқыншылық жасап, оның жерін тартып алуды көздемейміз. Себебі, біздің еліміздің ауқымды стратегияларында қорғаныстық стратегия Иранның тәуелсіздігі, территориялық тұтастығы және ұлттық мүдделерін қорғау деген мағынаны білдіреді. Алайда бұл біз мүлдем қорғанбай, сылбыр әрекет етеміз дегенді білдірмейді. Сондықтан өз мүддемізді қорғауда бөгделер оның әсерлерін байқап, олар елімізге басқынышылық жасау туралы ойламауы үшін басқыншылық әдіс ұстанамыз",-деді.
ИИР қауіп-қатерлерге байланысты өзінің әскери қуатының деңгейін ғылыми көрсеткіштер, әскери күштері мен жабдықтарының қуаты негізінде арттырды. Сол себепті жуырда Хормоз бұғазы, Парсы шығанағы мен Оман теңізінде және құрлық пен әуе кеңістігінде өткізілген әскери жаттығулардың болмысы да өзгеріске ұшырады. Бұл өзгерістер Иран Қарулы күштерінің дұшпанның әртүрлі қауіп-қатерімен күресуге толық дайын екендігін көрсетеді.
ИИР Қаурлы күштерінің қолбасшысы осы өзгерістерге байланысты екі маңызды жайтқа тоқталды: біріншіден, қауіпсіздікті қорғау және қауіп-қатерлермен күресте стратегиялық рөл атқаратын ИИР Әскері Құрлық күштерінің құрылымы өзгеріске ұшырады.
ИИР Әскері Құрлық күштерінің қолбасшысы бригада генералы Киюмарс Хейдари ИИР Әскері Құрлық күштері құрылымында орын алған өзгерістер жайлы: "Қазіргі таңда құрлық күштері бұрынғы дәстүрлі бөлімшелерден құтылып, бұл күштердің бригадалары жедел әрекет ету, басқыншылық әрекет және механикаландырылған әрекет бригадалары болып өзгертілді",- деді.
Бұл мүмкіндіктер Иран Әскері Құрлық күштерінің "Айбын-97" атты әскери жаттығуларында көрсетілді.
Екінші жайт тежегіш күш принципін қуаттайды.
ИИР Әскері қолбасшысының үйлестіру жөніндегі орынбасары адмирал Хабиболла Сайяри Иранның әскери доктринасының тежегіш қуатқа негізделіп, қорғаныстық сипатқа ие екенін баса айтып: "Иран ешқашан басқа елдердің шекаралары мен мүдделеріне басқыншылық жасауды көздемейді. Бірақ, егер де қауіп-қатерді жою мақсатында өзінің әскери қуатын көрсету қажет болса, міндетті түрде солай жасайды. Тежегіш қуатты арттыру революцияның бесінші онжылдыққа аяқ басқа кезеңіндегі Қарулы күштердің негізгі қажеттігі саналады",- деді.
Көптеген ойшылдардың пікірі бойынша бүгінде Иран қару-жарақ пен оперативті дайындық қабілеттері тұрғысынан стратегиялық қуатты мемлекет саналады. Бүгінде қарулы күштер құрылымында пайда болған өзгеріске байланысты жедел әрекет ету және басқыншылық жасау амалдарын жүзеге асыра алатын жоғары деңгейдегі тежегіш қуатты көрсету қажет.