Қазақстандық шығыстанушы Сафар Абдулло "Фараби сыйлығының иегері" атанды
2019 жылдың қаңтар айының 27 күні Теһранда өткен 10-шы Халықаралық Фараби фестивалінің жабылу рәсімінде Ислам революциясы жетекшісінің университеттердегі өкілдігінің басшысы Мостафа Ростами, Иранның Вице-президенті Исхақ Джаһангири, Иран Президентінің ғылым және технология жөніндегі орынбасары доктор Сурна Саттари, Иранның Ғылым, технология және зерттеулер министрі доктор Мансур Ғоламидің қатысуымен осы кезеңнің жеңімпаздары марапатталды.
Иранның Парсы тілі мен әдебиеті академиясы баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, 10-шы Халықаралық Фараби фестивалінің хатшылығына 5649 мақала келіп түскен. Қазылар алқасының талқылауынан кейін 16 отандық, 7 шетелдік және басқа бөлімдердегі 13 зерттеу жұмысы таңдалған.
Соның ішінде исламдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер бөлімінде Парсы тілі мен әдебиеті академиясының тұрақты мүшесі доктор Мохаммадәли Мовахед отандық зерттеуші ретінде, қазақстандық доктор Сафар Абдулло "Ирантану саласындағы шетелдік үздік зерттеуші" жүлдесімен марапатталды.
Доктор Сафар Абдулло – Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, жазушы, шығыстанушы әрі ИИР Парсы тілі мен әдебиеті академиясының тұрақты мүшесі.