Бағери: Иран – аймақтағы ең қауіпсіз ел
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i41078-Бағери_Иран_аймақтағы_ең_қауіпсіз_ел
ИИР-ның Қарулы күштері Бас штабының басшысы генерал-майор Бағери Иранды аймақтағы ең қауіпсіз ел деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 29, 2019 14:32 Asia/Almaty
  • Бағери: Иран – аймақтағы ең қауіпсіз ел

ИИР-ның Қарулы күштері Бас штабының басшысы генерал-майор Бағери Иранды аймақтағы ең қауіпсіз ел деп атады.

Генерал-майор Мохаммад Хасан Бағери сейсенбі күні Иранның солтүстік-батысындағы Табризде өткен республикалық Конгресте сөйлеген сөзінде Иран халқы ислам революциясының басынан-ақ санкция, бүлік және қастандықтармен бетпе-бет келгенде  революцияның жеңіліс таппағанымен қатар күннен күнге күшейе түскенін баса айтты. ИИР Қарулы күштері Бас штабының басшысы бүгінде Иранның аймақтағы алпауыт елге айналғанын, күш-құдіретіне қарамастан әділ қатынас ұстанып отырғанын, ешбір елдің жеріне көз тікпейтінін қуаттап: «Егер Америка мен Израиль Иранға шабуыл жасайтын қара пиғылға ие болса, Иран халқының қатаң, өкіндірерлік жауабымен бетпе-бет келетінін біледі" деді.